Экономика және қаржы мектебінің оқытушылары «Қаржылық сауаттылық» курсын аяқтады
2024 жылғы 26-28 тамыз аралығында жоғары оқу орындарының оқытушылары «Қаржылық сауаттылық» курсынан өтті.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасымен 2023 жылғы 19 қазандағы №12-01/Б - 1404 бекітілген «AMANAT» партиясының білім беру жобасын қамтуды кеңейту жөніндегі жол картасы» шеңберінде жүргізілген курс.
Курстан өткен профессорлық-оқытушылар құрамы қаржылық сауаттылық пәнін тиімді оқыту үшін өзге оқытушыларға да курс ұйымдастыру қажет болды. Осыған байланысты, Алматы Менеджмент Университетінің Экономика және қаржы мектебінің аға оқытушысы Жакупова Айзада Адиловна қаржы бағыты бойынша профессорлық-оқытушылар құрамына «Қаржылық сауаттылық» курсын ұйымдастырды. Оқытушылар жеке қаржы құралдарын басқару, жинақтау және инвестициялау стратегиялары, қарызды тиімді басқару, салық салу жүйесінің негіздері, сондай-ақ қаржылық қауіпсіздік пен сақтандыру туралы терең білім алды. Курс барысында практикалық мысалдар мен қаржылық жағдайларды талдау әдістері қолданылды, бұл оқытушыларға өз пәндерінде қаржылық сауаттылықты тиімді оқытуға мүмкіндік берді. Оқытушылар бұл білімді өз пәндерінде қолдануға және студенттер арасында қаржылық сауаттылықты арттыруға белсенді түрде атсалысуға ниет білдірді. Курстың соңында оқытушылар арасында пікір талас болды. Талқылау барысында қатысушылар қаржылық сауаттылықты оқытудың әртүрлі әдістерін, соның ішінде интерактивті оқыту тәсілдерін, практикалық кейстерді қолдану және студенттердің қызығушылығын арттыру үшін ойын технологияларын енгізу мүмкіндіктерін талқылады.