Мектеп Туралы
Экономика және қаржы мектебі 2020 жылы Жоғары менеджмент мектебінен бөлінуі арқылы құрылды. Оған дейін контингент қаржы, есеп және аудит кафедрасы ретінде жұмыс атқарып келді.
Мектепте төрт білім беру бағдарламасы бар:
- Қаржы (Қаржылық тәуекелдерді басқару, қаржы нарықтары және финтех). "Қаржы" білім беру бағдарламасы аясында білім алушылар бизнес және экономика бакалавры, экономика және бизнес магистрі – 1 жыл, экономика ғылымдарының магистрі – 2 жыл, PhD дипломын ала алады.
- Бухгалтерлік есеп және аудит (АССА оқу бағдарламасына сәйкес). Бұл білім беру бағдарламасы аясында білім алушылар бизнес және экономика бакалавры дипломын ала алады.
- Бизнес-Аналитика және Экономика (бизнес-аналитика, тәуекелдерді бағалау және болжау). Бұл 2019 жылы іске қосылған жаңа білім беру бағдарламасы. Алайда, ол "Экономика" бағдарламасына негізделген. Экономика мамандық ретінде университетте 2002 жылдан бері оқытылып келеді. Осы білім беру бағдарламасы аясында білім алушылар бизнес және экономика бакалавры дипломын ала алады.
Экономика және қаржы мектебінің осы білім беру бағдарламаларының барлығы IQAA (Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттікпен) аккредиттелген.
- International Trade - Аризона мемлекеттік университетімен 3+1 нысанындағы қос диплом бағдарламасы. Яғни бағдарлама аясында студенттер алғашқы 3 жыл ішінде AlmaU-да оқиды, ал 4-жылы Аризона Мемлекеттік Университетінде оқиды. Оқу аяқталғаннан кейін студенттер 2 жылға дейін жұмыс визасын (Optional Practical Training) алмай-ақ АҚШ-та қалуға және жұмыс істеуге құқылы болады.
Барлық бағдарламалар бойынша мемлекеттік лицензия бар, ең соңғысы 2014 жылы берілген.