Бексұлтан Жапар, 2018 жылғы түлек
Еуродепутаттың ассистенті
Еуропалық Парламент, Брюссель, Бельгия
"Университет таңдауда мен ешқашан күмәнданған емеспін, себебі университеттің көптеген артықшылықтары менің өзімді тұлға ретінде қалыптасуыма зор ықпалын тигізуде. ALMAU-да әр студенттің өзін-өзі тануы үшін барлық жағдайлар бар. Университетте оқытушылардың тамаша базасы, инфрақұрылымы және тиімді орта бар. Университет сонымен қатар студенттерге академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға мүмкіндік беретін әлемдегі көптеген университеттермен ынтымақтасады. Осылайша маған қос диплом бағдарламасына қатысуға және бірегей халықаралық тәжірибе алуға мүмкіндік туды.
Бұл университет көптеген мүмкіндіктер ашады, коммуникациялық қабілеттерін дамытады, сондай-ақ жоғары деңгейдегі білім береді, бұл маған шетелде жұмыс табуға, сондай-ақ Еуропалық жоғары оқу орындарының бірі ретінде оқуға түсуге мүмкіндік берді."
Анастасия Пастушенко
"Данон-Беркут" ЖШС, қаржылық бақылау жөніндегі менеджер
"Экономика" мамандығы бойынша оқи отырып, мен терең кәсіби білім мен дағдыларды алдым, оны қазір іс жүзінде қолданудамын. Үздік оқытушылар, қызықты пәндер, бірегей оқу процесі. Бұл қызықты адамдармен кездесуге, беделді профессорлармен, сондай-ақ ірі кәсіпкерлермен қарым-қатынас орнатуға және тәжірибе жинауға тамаша мүмкіндік алатын орын. Дипломдық жобаны іске асыру маған алған құзыреттіліктерімді барынша көрсетуге және болашақта компанияда лауазым алуға мүмкіндік берді."
Нәбиев Ержігіт
“Prime Capital Holding” LLP. Инвестициялық Департаменттің аға менеджері
"Экономика" дайындық бағыты бойынша оқу маған практикалық қызмет үшін де, жеке тұлға ретінде дамуым үшін де қажетті білім мен дағдыларды берді. Артықшылықтары өте жақсы теориялық және техникалық базада, оқытушыларда, олардың арасында студентке не қажет екенін және кез-келген материалды ұсыну қаншалықты қызықты екенін білетін көптеген практик мамандар бар. Университетте көптеген студенттік ұйымдар бар, олардың қатысушысы болуды кеңес беремін, өткені бұл ұйымдардың қатысушыларының арасында өзіндік ерекше бауырмал атмосфера қалыптасады. Досжандыққа баулиды."
Мұқажанов Қайдар, 2018 жылғы түлек
Халық Банкі АҚ, Treasury back-office басқармасы, валюта нарығындағы туынды қаржы құралдары жөніндегі менеджер
"ALMAU –да Қаржы мамандығы бойынша оқыту үрдісі кафедраның жетекші мамандары мен профессорларымен мұқият пысықталған, курстан курсқа жаңа пәндер дәйекті түрде енгізіліп отырады. Оқыту процесінің интерактивтілігі студенттерге қажетті материалды ең ерекше және заманауи әдістермен игеруге мүмкіндік береді, таңдалған пәндердің өзектілігі халықаралық сапа стандарттарына және Қазақстанның еңбек нарығындағы сұранысқа сәйкес келеді. Almaty Management University түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие. Мен өзімнің университетіме алған бірегей тәжірибесі, әртүрлі мүмкіндіктер спектрі (студенттік ұйымдар, ғылыми көрмелер, академиялық ұтқырлық бағдарламасы) негізінде жеке даму мүмкіндігі үшін, сондай-ақ менің туған ALMAU –ымның қабырғасында кездестірген ең жақсы адамдармен байланысты барлық жағымды сәттер мен эмоциялар үшін алғысымды білдіргім келеді. Бүгін жоғары оқу орнына түсу сәтін еске түсіре отырып, мен басты сұраққа толық жауап бердім деп ойлаймын: "мен университетті таңдағаныма қуаныштымын ба?"- Әрине, иә!"
КӨПБАЕВА Лаура
"Қаржы" мамандығының бакалавриат және магистратура түлегі
PriceWaterHouseCoopers, аудиторлық қызметтер бөлімінің аға кеңесшісі
"Almau – бұл өзіндік дамуға үлкен мүмкіндік беретін орын! Мұнда алған білімім мені халықаралық компанияда жақсы лауазыммен қамтамасыз етті. Университет білім беру бағдарламаларының кең спектрін жүзеге асырады, студенттердің қоғамдық өміріне белсенді қатысады, бұл әртүрлі салаларда үлкен биіктерге жетуге және ұлттық өркендеу игілігі үшін жемісті жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Университетке тілейтінім – ең инновациялық тәсілдерді қолдана отырып, жоғары білікті мамандарды даярлау жүйесінің флагманы болуды жалғастыру!"