Деканның сәлемі

Құрметті студенттер, магистранттар, докторанттар, ата-аналар!  

Құрметті достар!

Экономика және қаржы мектебі жеке және корпоративтік кәсіпкерлік саласында білікті экономистерді, қаржыгерлерді, есепшілерді даярлайды.

Маман даярлауа мектебіміз бизнестің барлық қырларын, яғни бизнес-идеяны қалыптастыру мен кәсіпкерлік негіздерінен бастап, тиімді және толық экономикалық модельді әзірлеу, өндіріс құнын есепке алу мәселелері мен инвестициялау проблемаларын қарастыру, күрделі басқару шешімдерін қабылдауға дейінгі дағдыларды үйретуге барын салуда.

Соңғы бірнеше жылда біз оқыту бағдарламар аясын едәуір кеңейтіп, бизнес қаумы мен халықаралық серіктестермен байланыстарымызды нығайттық. Студент алмасу немесе қос диплом бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында шетелдік серіктестер тізімін ұзарта алдық.

"Есеп және аудит" ББ студенттері мен магистранттары ACCA (Сертификатталған бухгалтерлер қауымдастығының) біліктілігі бағдарламасындағы базалық деңгейіндегі 8 пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады .

"Қаржы" ББ магистранттарына CFA (Сертификатталған қаржылық талдаушы) емтиханына дайындалуға жағдайлар жасалған.

Мектебіміздегі маман даярлаудың ерекшеліктері:

  • оқу бағдарламаларын құруға пәнаралық көзқарас;
  • күшейтілген зерттеу компонент – қолданбалы зерттеулер есебінен экономикалық проблемаларды анықтау және олардың шешімдерін іздеу әдістемесі;
  • жобаларға қатысу;
  • экономикалық модельдің негізгі элементі ретінде кәсіпкерлікті дамыту;
  • тілдік даярлықтың ұлғаюынан тұратын білім беруді халықаралық деңгейге сәйкестендіру.

Ұстаз бен шәкірттің екітараптық жоғары деңгейдегі еңбегінің синергиясы арқылы біздің мектеп нақты және мағыналы нәтижелерге қол жеткізе алады деп сенемін. Бұл орайда, үмітім бойынша, шәкіртіміздің қоспақ үлесі – олардың білімге деген құштарлығы мен дамуға деген талпынысы. Жеке өміріндегі кәсіби армандарының орындалуымен қатар, жалпы экономиканың дамып, қарқындап өсуіне себеп болатын талпыныс. Өз тарапымыздан біздің мектеп ұстаздары дәл осындай шабыты бар жастарды баулып, діттеген кәсіби немесе ғылыми армандарын орындауға апарар арналарын көрсетіп, барынша тынбай еңбек етуде. Әрі бұл үрдісті бұдан кейін де жалғастыра бермекпіз деп сенемін.

Ағымдағы әрі болашақ шәкірттерімізге мансаптық табыс тілеймін.

 

Ізгі тілекпен,

Мектеп деканы

Экономика ғылымдарының докторы, профессор

Исахова Парида Бакировна