Жаңалықтар

September, 16

16 қыркүйек 2024 жылы «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Экономика және қаржы мектебінде ЖШС “Global Account” басшысы Кашиков Хамит Габиденович «Бюджеттеу бойынша практикум» тақырыбына дәріс жүргізді.

16 қыркүйек 2024 жылы «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Экономика және қаржы мектебінде ЖШС “Global Account” басшысы Кашиков Хамит Габиденович «Бюджеттеу бойынша практикум» тақырыбына дәріс жүргізді. Дәріс барысында студенттерге бюджеттің құрылымы, оның жоспарлау кезеңдері және тиімді бюджеттік процесті ұйымдастыру әдістері жан-жақты түсіндірілді.
Хамит Габиденович кәсіпорындардағы бюджеттеудің маңызы, оның қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлі туралы кеңінен тоқталып өтті. Операциялық және капиталдық бюджеттерді құру, шығындарды болжау, сондай-ақ ақша ағынын басқару әдістерін нақты мысалдар арқылы түсіндірді.
Сонымен қатар, дәрісте нәтижеге бағытталған бюджеттеу, яғни бюджетті тиімді пайдалану арқылы мақсатқа жетуді көздейтін әдістер мен кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған бюджеттік бақылау жүйесі қарастырылды. 
Студенттер Хамит Габиденовичке бюджет процесіндегі қиындықтар, бюджеттік асыра бағалау немесе тапшылықты басқару және болашақтағы қаржылық мақсаттарды жоспарлау бойынша көптеген сұрақтар қойып, дәрісті белсенді түрде талқылады.  Дәріс соңында студенттерге бюджеттің тиімділігін арттыруға арналған практикалық құралдар ұсынылып, оларды кәсіпорындардағы қаржылық жоспарлау мен басқаруға қалай қолдануға болатыны көрсетілді.
Бөліс: