News

December, 05

2 декабря 2024 года в Школе экономики и финансов ALmaU прошла лекция на тему «Глобальный страховой рынок». Генеральный директор Towers Watson Казахстан Тлеугабылов Омархан.

2 желтоқсан 2024 жылы Алматы Менеджмент Университетінің Экономика және қаржы мектебінде «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Willis Towers Watson Kazakhstan бас директоры Тлеугабылов Омарханның қатысуымен «Дүние жүзілік сақтандыру нарығы» тақырыбына дәріс өткізілді.

Бұл дәріс студенттер мен оқытушылар үшін қаржылық нарықтың маңызды аспектілері, сақтандыру саласының әлемдік трендтері және Қазақстандағы сақтандыру бизнесінің даму болашағы туралы пайдалы ақпаратпен бөлісетін бірегей мүмкіндік болды.

Талқыланған негізгі тақырыптар:

  • Әлемдік сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы;
  • Қазақстандағы сақтандыру индустриясының орны;
  • Болашақ мамандар үшін сақтандыру саласындағы мүмкіндіктер мен сын-қатерлер.

Дәрістің мақсаты – қаржылық білімді тереңдету, студенттердің сақтандыру бизнесіне деген қызығушылығын арттыру және оларды қаржы саласындағы жаңа трендтермен таныстыру.

Экономика және қаржы мектебі осындай маңызды іс-шараларды алдағы уақытта да ұйымдастыруды жоспарлауда.

 

 

 

 

 

Share: