23 қыркүйек 2024 жылы «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Экономика және қаржы мектебінде К-Агро Холдинг аналитигі Токсейт Айдана қаржылық есептілік тақырыбына дәріс жүргізді.
23 қыркүйек 2024 жылы «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Экономика және қаржы мектебінде К-Агро Холдинг аналитигі Токсейт Айдана қаржылық есептілік тақырыбына дәріс жүргізді. Дәріс кезінде қаржылық есептіліктің негізгі түрлері, қаржылық есептілікте қолданылатын құралдар мен әдістер және қаржылық коэффициенттер және есептілік мәліметтерін түсіндірудің практикалық әдістері көрсетілді. Студенттер мен бірге халықаралық қаржылық есеп стандарттарының және Қазақстандағы қаржылық есептілікке қойылатын талаптардың ерекшеліктері талқыланды. Қаржылық есептілік мәліметтерін инвесторлар мен кредиторлар үшін маңызды шешім қабылдау құралы ретінде қолдану мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Дәріске белсенді қатысқан студенттер талқыланған тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, практикалық есептерді шешуге атсалысты.