18 қыркүйек 2024 жылы «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Экономика және қаржы мектебінде Балапанов Данияр Кабылбекович ЖШС Adem partners директор орынбасары дәріс өткізді.
18 қыркүйек 2024 жылы «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Экономика және қаржы мектебінде Балапанов Данияр Кабылбекович ЖШС Adem partners директор орынбасары дәріс өткізді. Бұл дәріс кәсіпорындардың қаржылық жағдайын кешенді талдап, басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Талдау нәтижелері кәсіпорынның тиімділігін арттыру, тәуекелдерді басқару және ұзақ мерзімді даму стратегияларын әзірлеу үшін маңызды рөл атқарады - деді Балапанов Д.К. Дәріс кезінде қаржылық есептілік, қаржылық көрсеткіштер, кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабілеттілігі, табыстылығы, кәсіпорынның қаржылық жағдайын объективті түрде бағалайтын сұрақтар қарастырылды. Студенттерге дәріс қызықты болып, олар белсенді түрде сұрақтар қойды. Сұрақтар негізінен нақты кәсіпорындардың қаржылық көрсеткіштерін талдау және олардың нарықтағы жағдайына қалай әсер ететіні жайлы болды. Студенттерді әсіресе баланс көрсеткіштерін талдау, табыстылық коэффициенттерін есептеу әдістері, сондай-ақ инвестициялық жобаларды бағалау тәсілдері қызықтырды.