Жаңалықтар

September, 26

26 қыркүйек 2024 жылы Әлиев Адлет Шамильевич, DBA, Alif Islamic Bank қазынашысы «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Экономика және қаржы мектебінде "Исламдық қаржының негізгі принциптері" тақырыбына студенттерге дәріс өткізді.

26 қыркүйек  2024 жылы Әлиев Адлет Шамильевич, DBA, Alif Islamic Bank қазынашысы «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Экономика және қаржы мектебінде  "Исламдық қаржының негізгі принциптері" тақырыбына студенттерге дәріс өткізді. Дәріс барысында исламдық қаржыландырудың басты қағидалары, оның ішінде пайызсыз несие беру, тәуекелдерді әділ бөлу және исламдық банк жүйесіндегі инвестициялау әдістері жан-жақты қарастырылды. Студенттер исламдық қаржы құралдарының артықшылықтары мен оларды заманауи қаржы нарықтарында қолдану тәсілдері туралы сұрақтар қойды. Студенттер дәріс барысында белсенділік танытып, талқылауға белсенді қатысты. Исламдық қаржы механизмдерінің тиімділігі, тұрақтылығы және әлемдік қаржы жүйелеріне ықпалы туралы сұрақтар қойып, ұсынылған тақырыптарға қызығушылық білдірді. 
Бөліс: