Жаңалықтар

September, 25

25 қыркүйек 2024 жылы «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Экономика және қаржы мектебінде АҚ «Береке Банк» комплаенс-офицері Шаханова Сәтмөр қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған дәріс өткізді.

25 қыркүйек 2024 жылы «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Экономика және қаржы мектебінде АҚ «Береке Банк» комплаенс-офицері Шаханова Сәтмөр қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған дәріс өткізді. Дәрістің негізгі тақырыбы – жеке қаржыны басқару және тиімді бюджеттеу әдістері болды. Бюджетті жоспарлау, шығындарды бақылау, қаржылық мақсаттарды қою және оларға жету жолдарын жан-жақты түсіндіріп өтті. Дәріс барысында Шаханова Сәтмөр студенттерге қаржылық тәуекелдерді басқару, күтпеген шығындарды азайту және жинақтардың маңыздылығы туралы нақты мысалдар келтірді. Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, практикалық тапсырмаларды орындап, қаржылық сауаттылыққа қатысты жеке тәжірибелерімен бөлісті. Бюджетті дұрыс жоспарлау әдістерін меңгеріп, алдағы уақытта қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қандай қадамдар жасау керектігі туралы кеңестер алды. Бұл дәріс студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруға және олардың жеке қаржылық жоспарлау дағдыларын жақсартуға үлкен үлес қосты.

Бөліс: