16 қыркүйек 2024 жылы «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Экономика және қаржы мектебінде Экономика және қаржы мектебінде студенттер қор нарығына арналған дәріске үлкен қызығушылықпен қатысты.
16 қыркүйек 2024 жылы «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Экономика және қаржы мектебінде Экономика және қаржы мектебінде студенттер қор нарығына арналған дәріске үлкен қызығушылықпен қатысты. Дәрісті Partner Finance брокерлік компаниясының тәжірибелі брокері Нем Людмила өткізді. Студенттерге қор нарығының негізгі заңдылықтары, акциялар мен облигациялармен сауда жасау әдістері, тиімді инвестициялық стратегиялар және қаржылық тәуекелдерді басқару тәсілдері туралы жан-жақты түсіндірді. Дәріс барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, қор нарығындағы соңғы үрдістер мен болашақ мүмкіндіктерді тереңірек зерттеуге мүмкіндік алды. Дәріс интерактивті түрде өтіп, студенттер теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қалай қолдануға болатынын түсініп, бұл саланың қыр-сырын меңгеруге ынта танытты.